Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігіне, оның ішінде киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 164 Қаулысы
(2026.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.29.08. № 73 Қаулысымен (2024 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.30.10. № 152 Қаулысымен (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздігіне, оның ішінде киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;