«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 854 Қаулысы

«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 854 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Шымкент қаласының аумағында орналасқан.

АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

АЭА-ның аумағы Шымкент халықаралық әуежайын қоса алғанда, 529,0001 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Qyzyljar» АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.