(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МӘМІЛЕЛЕР ЖАРАМСЫЗДЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ...

Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 Нормативтік қаулысы

(2018.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мәмiлелердің жарамсыздығы және олардың жарамсыздығының салдарларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының кейбір нормаларын сот практикасында біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) нормаларына сәйкес сот мәмілені жарамсыз (даулы мәміле) деп таныса не осындай тануға қарамастан оның жарамсыздығы заңда тікелей көрсетілсе (мәніссіз мәміле), мәміле заңда белгіленген негіздер бойынша жарамсыз болуы мүмкін.

Даулы мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптарды, оның салдарлары жөніндегі талаптарды қолдану туралы талапты мүдделі адам, тиісті мемлекеттік орган не прокурор қоюы мүмкін.

Мәміленің заңмен мәніссіз деп анықталуы мүдделі адамның осындай мәмілені сот арқылы жарамсыз деп тануды талап етуіне кедергі болмайды.

Мәніссіз мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану туралы талапты мәніссіз мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты кез келген мүдделі адам қоюы мүмкін.

Сот АК-нің 157-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын өз бастамасы бойынша қолдануға құқылы.

2. АК-нің 9-бабының 1-тармағына сәйкес соттың мәмiленi жарамсыз деп тануы азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі болып табылады.

Мәмiленi жарамсыз деп тану арқылы азаматтық құқықтарды қорғауға байланысты дауларды соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі - АПК) белгіленген істер ведомстволығының және соттылығының қағидаларын сақтай отырып қарайды.

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 7 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.