(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМНАН АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТ...

Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 тамыздағы

№ 200 қаулысымен бекітілген

 


«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалында (бұдан әрі - ХҚҚО);

2) денсаулық сақтау ұйымдарында.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

ХҚКО - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру;

денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру.

Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес анықтаманы берген психиатр-дәрігер мен медицина тіркеушісінің (бұдан әрі - тіркеуші) қолы қойылған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметін ұсынуды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркелген анықтама (бұдан әрі - анықтама) беру.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.