«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 174 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Талаптар тізбесі) осы Қағидалардың «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-қосымшасына және «Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып келтірілген.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мансап орталығының маманы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер негізінде ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.»;
23 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: