«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 600-НҚ бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 600-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогын (бұдан әрі - Мемлекеттік каталог) жүргізу тәртібін айқындайды.»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік каталогты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Ұлттық музей) жүргізеді.

5. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар (бұдан әрі - музейлер) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін электрондық жеткізгіштерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтауға қабылданған музей заттары және музей коллекциялары жөніндегі мәліметтерді Мемлекеттік каталогқа енгізу үшін Ұлттық музейге жібереді.»;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.