«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 316 бұйрығы (күші жойылды)

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 316 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 193 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 527-532 (27605) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) өз әрекетін квоталар бірліктеріне және ішкі азайту бірліктеріне қолданады және келесіні қамтитын парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін анықтайды:

1) Меншік және сауда объектісі ретіндегі квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;

2) Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен мәмілелер бойынша сауда жасау мен есептеулерді ұйымдастыру;

3) Квоталардың бастапқы сатылуын ұйымдастыру;

4) Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру;

5) Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы іске асыру.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.