«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 119 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 119 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 45-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12423 болып тіркелген);

2) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 428 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24007 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі

 

Е. Нагаспаев

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.