«Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 536-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
14) тармақша жаңа мазмұнда жазылсын:
«14) әлеуетті жеткізуші:
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әрекет етпейтін болып табылады;
оның тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз болып табылады;
оған қатысты заңды күшіне енген сот актісімен жалған белгілері бар қызметті жүзеге асыру, оның ішінде күмәнді шот-фактураларды пайдалану фактісі анықталған.
Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі;»;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 114-бабында көзделген салық есептілігі соңғы үш жылда жоқ немесе нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған.
Тауар өндірушілер мен жылдық көлемі құндық көріністе АЕК-тің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын ТЖҚ сатып алу кезінде әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін осы тармақша бойынша қабылдамауға жол берілмейді.