(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУР...

Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы

(2016.12.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.12.02. № 42 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. «Спорт түрлерінен жарыстардың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8286 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы № 194 (28133) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 4 қарашадағы

№ 74 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Спорттық іс-шараларды өткізу

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) спорттық іс-шараларды өткізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.