«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 91 бұйрығы

 «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 91 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 20809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 8-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «www.egov.kz», «www.elicense.kz» (бұдан әрі –портал) жібереді.»;

8, 9, 10-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.