(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАНУАРЛАРДЫ ЕРІКСІЗ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРТЫЛАЙ ЕРІКТІ Ж...

Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығы

(2020.24.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.24.08. № 199 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.24.08. № 199 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру қағидалары бекітілсін.

2. «Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-03/125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10602 болып тіркелген, 2015 жылы 8 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.