«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығы (2024.24.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығы

(2024.24.04. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін:

1) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.15.04. № 242 бұйрығымен алып тасталды (2024 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері басшылары.

2. Мынадай:

1) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының;

2) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 9 тамыздағы № 676 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.