2) салалық мемлекеттік органдарға кəсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ кəсіптік стандарттарды əзірлеу жəне (немесе) жаңартып отыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7) 11-баптың 2), 3) жəне 5) тармақшалары алып тасталсын;
8) 13-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган:
1) Ұлттық біліктілік жүйесінің əдіснамасын жəне Ұлттық біліктілік жүйесінің, Ұлттық кəсіптер сыныптауышының базалық құралдарын əзірлеу жəне жаңартып отыру жөніндегі жоспарларды қалыптастырады;
2) салалық біліктілік шеңберлеріне, кəсіптік стандарттарға жəне аккредиттеуге өтініш берушінің құжаттарына сараптама жүргізеді;
3) Ұлттық біліктілік жүйесі мəселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, əдістемелік қолдауды жүзеге асырады;
4) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын жүргізу арқылы Ұлттық біліктілік жүйесінің процестерін цифрлық сүйемелдеуді, дамытуды жəне интеграциялауды жүзеге асырады;
5) уəкілетті орган айқындаған жұмыс органы ретінде тану орталықтарын аккредиттеу процестерін ұйымдастырушылық жəне техникалық жағынан сүйемелдеуді жүзеге асырады;
6) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында аккредиттелген тану орталықтарының тізілімін жүргізеді;
7) тану орталықтарының қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады;
8) уəкілетті органмен келісу бойынша кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
9) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
9) 3-тараудың тақырыбы «жəне кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық» деген сөздермен толықтырылсын;
10) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне халықаралық шарттарға сəйкес жүзеге асырылады.
2. Кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық кəсіптік біліктіліктің салыстырмалы болуын қамтамасыз етуді, кəсіптік біліктілікті жəне (немесе) дағдыларды растайтын халықаралық сертификаттарды тануды қамтиды.
3. Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылар кəсіптік біліктілікті тану саласында шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен жəне қорлармен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға құқылы.
4. Кəсіптік біліктіліктерді жəне (немесе) дағдыларды растайтын халықаралық сертификаттарды тану уəкілетті орган айқындаған тəртіппен айқындалады.»;
11) 17-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
12) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тану орталықтарын ерікті түрде жəне өтеусіз негізде аккредиттеуді уəкілетті орган өзі айқындаған тəртіппен жүргізеді.»;
3-тармақтың бірінші абзацында:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтінге өзгермейді;
13) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кəсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті өтініш берушінің қызмет түріне енгізу;»;
14) 25-баптың 1, 2, 3 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уəкілетті орган аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді кəсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің қорытындылары, ұсынылған құжаттарды сараптау жəне өтініш берушіні зерттеп-қарау нəтижелері негізінде қабылдайды.
2. Оң шешім қабылданған жағдайда, аккредиттелген тану орталықтарының тізбесіне мəліметтер енгізіліп, сериялық нөмірі бар аккредиттеу аттестаты беріледі жəне аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады.
Тану орталығының қызметін мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган мен тану орталығы арасында аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады.
Аккредиттеу аттестатының нысанын, аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын уəкілетті орган бекітеді.
3. Тану орталықтарының қызметін мониторингтеу Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның кəсіптік біліктілікті тану рəсімін тану орталықтарының жүргізуі нəтижелерін бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
Тану орталықтарының қызметін мониторингтеу нəтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Заңның 26-бабының 2-тармағына сəйкес шаралар қабылданады.
4. Теріс шешім қабылданған кезде өтініш берушіге қағаз жəне (немесе) электрондық нысанда аккредиттеуден бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі.»;
14) 26-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы» деген сөздер «Уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы» деген сөздер «Уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасына» деген сөздер «уəкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
15) 29-баптың 4-тармағындағы «уəкілетті орган бекіткен» деген сөздер алып тасталсын.
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 6) тармақшасын;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 4) жəне 8) тармақшаларын, 3-тармағының 1) тармақшасының төртінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 8), 11), 12), 13), 14), 15) жəне 17) тармақшаларын, 23) тармақшасының екінші абзацын, 25), 26), 27) жəне 28) тармақшаларын, 4-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының төртінші абзацын, 5) тармақшасының екінші абзацын, 6), 10) жəне 13) тармақшаларын, 8-тармағының 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) жəне 10) тармақшаларын;
3) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 1) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын, 4) тармақшасын, 9-тармағының үшінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 7 шілде
№ 334-VIII ҚРЗ