«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 105 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен енгізілген ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылатын, ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндерді) шығару және айналымға жіберу қызметін жүзеге асыратын резидент заңды тұлғаның экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты орындау кезінде пайдаланылатын ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндерді) өтеу міндеттемелерін орындау мақсатында шетелдік банктегі шоттарға, тиісті мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия (рұқсат) негізінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын шетелдік қаржы ұйымының шоттарына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын аударуы шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға жатады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Резидент заңды тұлға бір уәкілетті банкте бір жұмыс күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен асатын сомаға міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге (өтінімдерге) қоса:
1) орындалуы үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынатын валюталық шарттың көшірмесін;