5-тармақта «сәйкес келмейтін» деген сөздерден кейін «және (немесе) пайдаланылуына ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес жол берілмейтін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) абоненттік құрылғысын үшінші тұлғаға тұрақты пайдалану үшін берген жағдайда, абонент ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) абоненттік құрылғысын берілетін тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
6-тармақтағы «ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы» деген сөздер «ұялы байланыстың тіркелген абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы, сондай-ақ ұялы байланыстың верификациялаудан өткен абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «тіркеу» деген сөз «верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 40-бап мынадай мазмұндағы 1-6 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-6. Байланыс операторы шақыруға бастамашы болған абонент туралы ақпаратты ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен беруге міндетті.»;
«4. Байланыс операторлары жылдық қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз интернет-ресурсында жыл сайын жариялауды қамтамасыз етуге міндетті.»;
25) 41-1-баптың 1-6-тармағындағы «тіркеу» деген сөз «верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-4-баптың 1-тармағы 4) тармақшасындағы «ұйымдардан сатып алады.» деген сөздер «ұйымдардан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылған энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 19-2-бабында айқындалған көлемде сатып алады.»;
2) 12-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-1-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына арналған шекті тарифтен асатын бағамен электр энергиясын өткізуді осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырады.»;
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте уәкілетті орган осы Заңның 19-2-бабында көзделген жағдайларда энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын сату бағасының электр энергиясына арналған өзінің шекті тарифінен асып кетуінен алатын кірісін есепке алмайды.»;
4) 13-бапта:
3-1-тармақтың бірінші бөлігі «топ әкімшісіне» деген сөздерден кейін «және (немесе) осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларда электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
3-2-тармақта:
1) тармақша «қоспағанда,» деген сөзден кейін «сондай-ақ осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-2) тармақшадағы «9-4-бабының 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздер «9-4 және 19-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте цифрлық майнерлер 2023 жылғы 1 сәуірге дейін қосылу жүзеге асырылған қосылу нүктесінен тұтынылатын электр қуаты ұлғайған кезде энергия беруші ұйымның қолданыстағы инфрақұрылымын кеңейту және (немесе) жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттілігі болмаған жағдайда жаңа техникалық шарттар алу үшін жүгінуге құқылы.»;
5) 19-1-баптың 5-тармағында:
1) тармақшаның бірінші бөлігі «топ әкімшісіне» деген сөздерден кейін «және (немесе) осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларда электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшаның бірінші абзацы «жаңартылатын көздерден» деген сөздерден кейін «және (немесе) осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларда басқа энергия өндіруші ұйымдардан» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «сатып алушыдан» деген сөздерден кейін «не осы Заңның 19-2-бабында көрсетілген жағдайларда энергия өндіруші ұйымдардан» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 4-тарау мынадай мазмұндағы 19-2-баппен толықтырылсын:
«19-2-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу ерекшеліктері
1. Жұмыс істеп тұрған, қатты отынды қолданып энергия өндіретін ұйымдар белгіленген электр қуатын өздерінің электр станцияларының негізгі генерациялайтын және қосалқы жабдықтарын кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) жаңарту шеңберінде ұлғайту кезінде:
1) жиынтығында мынадай:
деректерді өңдеу орталықтарын меншік құқығында иелену;
негізгі қызметі ретінде деректерді орналастыру және өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету және (немесе) цифрлық майнингті жүзеге асыру;
электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік оператордың және энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған кезде оларда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялар жүйесінің болуы;
электр энергиясын орташа тәуліктік (базалық) қуаттың кемінде 1 мегаватт көлемінде тұтыну өлшемшарттарына сәйкес келетін электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын тікелей сатуға;
2) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерімен қолда бар электр қуаты өсімінің көлеміне электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға құқылы.
Бұл ретте электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын сату көлемі қолда бар электр қуаты өсімінің жетпіс пайызынан аспауға тиіс. Тікелей шарттар шеңберінде электр қуатының көлемі шегеріле отырып, қолда бар электр қуаты өсімінің көлемінен электр энергиясын өндірудің жоспарлы көлемі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға бекітілген шекті тарифтен асырмай сатылуға тиіс.
Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша электр энергиясының талап етілмеген көлемі қалыптасқан жағдайда, электр энергиясын осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қолда бар электр қуаты өсімінің жетпіс пайызынан асатын көлемде сатуға жол беріледі.
2. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өндірістің өзіндік құнынан төмен болмайтын бағамен сатады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кеңейтуден, реконструкциялаудан, жаңғыртудан және (немесе) жаңартудан өткен генерациялайтын қондырғылар, негізгі генерациялайтын жабдық және (немесе) қосалқы жабдық авариялық немесе жоспардан тыс жөндеуде, резервте болған жағдайда, осындай жөндеу, резервте болу кезеңінде электр энергиясын сатып алудың-сатудың тиісті шартының электр энергиясын сатып алу-сату көлемі электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен тәуліктік кестесіне енгізілмейді.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар негізгі генерациялайтын және қосалқы жабдықты кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) жаңарту, сондай-ақ тиісті жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жобасын (жобаларын) іске асыру жөніндегі іс-шаралар басталғанға дейін бұл жөнінде пайдалануға берілетін қондырғылардың жоспарланып отырған белгіленген қуаты мен типі, электр станциясының орналасқан жері және оларды пайдалануға беру мерзімі, пайдаланылатын отынның типі мен отын тұтынудың жылдық көлемі туралы ақпаратты бере отырып, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
5. Уәкілетті орган осы Заңның 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті органға өтініш беру негізінде жүргізілетін, осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына арналған шекті тарифті түзету кезінде осы энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату шартында көрсетілген электр энергиясын сату бағасының электр энергиясына арналған өзінің шекті тарифінен асып кетуінен алынатын кірістерін есепке алмайды.
6. Осы баптың шарттары осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-2) тармақшасының, 15-4, 15-5, 15-6, 15-8 және 15-9-баптарының ережелері қолданылмай, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу және пайдалануға беру жағдайларына қолданылады.
7. Жаңа энергия өндіруші ұйым жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның алаңынан тыс жерде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салған жағдайда, электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін және генерациялайтын қондырғыларға энергия беруші ұйымдардың электр желілерін пайдаланбай тікелей қосылған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері ғана жасасуы мүмкін.».
9. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 2-3-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктері «электр беру желілерін» деген сөздерден кейін «, байланыс желілерін» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
екінші бөлік «жағдайда,» деген сөзден кейін «егер осы тармақшаның үшінші бөлігінде өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Верификациялаудан өтпеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сатып алған тұтынушы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 6) тармақшаларында белгіленген талаптарды сатушыға ғана қояды;»;
2) 29-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сатушы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау мәртебесін тексеру үшін тұтынушыға осы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын беруге де міндетті.»;
3) 30-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы «ұялы байланыстың» деген сөздерден кейін «верификациялаудан өткен» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 31-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «зиянды» деген сөзден кейін «, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 6-тармағының 5) тармақшасында:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның талаптары «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптар сақталған кезде спутниктік байланыс желілерін пайдалануға, сондай-ақ азаматтық авиацияның және кеме қатынасының байланыс желілерін пайдалануға қолданылмайды.
Спутниктік байланыс желілерін пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтамай, бір жылға дейінгі мерзімде жүргізуге жол беріледі.»;
төртінші бөліктегі «Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып байланыс желілерін» деген сөздер «Спутниктік байланыс желілерін, оның ішінде пилоттық жоба шеңберінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-тарау мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:
«14-2-бап. Ұлттық палатаның инвестиция саласындағы функциялары Ұлттық палата:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізуге қатысады;
2) инвестициялық жобаларды сүйемелдеу кезінде өзара іс-қимыл жасауға қатысады;
3) сыртқы экономикалық байланыстарды ілгерілету және нығайту үшін отандық инвесторлар пулын қалыптастырады;
4) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулын қалыптастыруға қатысады;
5) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетуге қатысады;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген инвестиция саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
13. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-қосымшаның 12-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 66-тармақпен толықтырылсын:
«66. Деректерді өңдеу орталықтарының пайдалануға берілгені туралы хабарлама».
14. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пошта операторларының өндірістік объектілері үшін тұрғын емес үй-жайлар бөледі;».
2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 19 маусым
№ 320-VIII ҚРЗ