(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ САЛАЛАРЫ...

Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 111/4 қаулысымен

бекітілді

 

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.16.02. № 37/2 Қаулысымен мәтіні бойынша «Орталықпен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» сөздері «Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және

 инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.16.02. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нытижелерін беру:

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 72-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшы аттестаты (бұдан әрі - аттестат) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.