«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген, эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
аумақтық орган - облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Әділет департаменттері;
жоспарлы бақылау - жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізілетін жеке сот орындаушысының қызметін, әлеуметтік маңызды іс санаттары бойынша және мемлекет кірісіне өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу және тексеру;
жоспардан тыс бақылау - шағымдар, өтініштер түскен не жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасының атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзғандығы туралы мәліметі бар басқа да ақпарат (бұдан әрі - басқа да ақпарат) болған кезде жүргізілетін жеке сот орындаушысының қызметін, атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу және тексеру;
уәкілетті орган - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы бақылаудың нысанасы:
әлеуметтік маңызды іс санаттары бойынша және мемлекет кірісіне өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу және тексеру;