«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 26 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 26 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37029 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесінде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі:

Lgom = Bincm * k, мұндағы:

Lgom - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті, ол жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мен мемлекеттік міндеттемелердің қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұрады;

Bincm - жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі;

k - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:

облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,10;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.