«Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 187 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларында:
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жарақтандыру № 1 нормада:
Өрт-техникалық жарақтармен, жабдықтармен, құрал-саймандармен, құрал-жабдықтармен және мүкәммалдармен қамтамасыз ету № 1.4 нормада:
№ 1.4.7 Нормадағы жедел-құтқару жасақтарын киім-кешекпен қамтамасыз ету мынадай редакцияда жазылсын:
«Норма құтқарушыларды киім-кешекпен қамтамасыз ету №1.4.7 нормасы
| № р/с | Норма атауы | 1 адамға өлшем бірлікті сандық түрде есептегенде | Кию мерзімі | Ескертпе |
| Киім-кешек | ||||
| 1. | Дауылдан, желден қорғайтын киім | 1 жиын. | 3 жыл | |
| 2. | Қысқы құтқарушының комбинезоны | 1 дана. | 2 жыл | |
| 3. | Құтқарушының жазғы комбинезоны | 1 дана. | 2 жыл | |
| 4. | Жоғары қарғылы жүн жемпір | 1 дана | 3 жыл | |
| 5. | Мамықтан жасалған күртеше | 1 дана | 3 жыл | |
| 6. | Мамықтан жасалған кеудеше | 1 дана | 3 жыл | |
| 7. | Спорттық, жаттығу костюмі | 1 жиын. | 2 жыл | |
| 8. | Резеңке етік | 1 жұп. | 4 жыл | |
| 9. | Жазғы комбинезонға арналған аяқ киім | 1 жұп. | 2 жыл | |
| 10. | Қысқы комбинезонға арналған аяқ киім | 1 жұп. | 2 жыл | |
| 11. | Унта | 1 жұп. | 3 жыл | |
| 12. | Плащ-жамылғы | 1 дана | 4 жыл | |
| Арнайы киім-кешек | ||||
| 13. | Амортизациялық тізеқаптар мен шынтаққаптар | 2 жиын. | 1 жыл | |
| 14. | Түсіру кеудешесі | 1 дана | 2 жыл | |
| 15. | Л-1 типті жеңіл қорғаныс костюмі | 1 жиын. | 6 жыл | |
| 16. | Альпинистік етік | 1 жұп. | 2 жыл | |
| 17. | Жартас туқұтыиі | 1 жұп. | 3 жыл | |
| 18. | Беріктігі жоғары треккингтік кроссовкалар | 1 жұп. | 2 жыл | |