(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ ТУРАЛЫ» 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕГІ № 319-III ҚАЗ...

Предыдущая страница

24) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

25) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке жəне шарттарға сəйкес кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

26) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жəне арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мəдениет жəне өнер, дене шынықтыру жəне спорт мамандықтары бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

27) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

28) білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен білім беру мониторингінің болуы жəне жүргізілуі;

29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жəрдем көрсету.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғын үймен қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жəрдем көрсету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жəне балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату;

4) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді жəне негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жəне олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

5) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

6) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;

7) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

8) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған нормаларға сəйкес бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жалпы білім беретін пəндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кəсіби шеберлік конкурстарын өткізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тəртібін сақтау;

11) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сəйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу жəне педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тəртібін сақтау;

12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тəртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін сақтау;

13) Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын сақтау;

14) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тəртібін сақтау;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес аудандық деңгейде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

16) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

17) білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен білім беру мониторингінің болуы жəне жүргізу;

18) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуды қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қалалардағы аудандарда, облыстық жəне аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыстық жəне аудандық деңгейлерде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

20) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды жəне одан алып қайтуды ұйымдастыру.

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына (бұдан əрі - бақылау субъектілері) қатысты мемлекеттік бақылауды жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер нысанында білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

5. Тексеру мынадай əрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізіледі:

1) білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының бақылау субъектісіне баруы;

2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратқа сұрау салу;

3) бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақыру.

6. Бақылау субъектілерінің осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.

7. Бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтау мəселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі.

Жоспардан тыс тексеру бақылау субъектісіне қатысты осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтаудың жекелеген мəселелері бойынша жүргізіледі.

8. Білім беру саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысы жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекіткен жыл сайынғы тізбе бақылау субъектісін жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.

Білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы жоспарлы тексерулердің тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

Білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жоспарлы тексерулер тізбесін жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар жəне олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы мүмкін.

9. Бақылау субъектісін жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:

1) білім беру саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;

2) прокурордың талабы мен құқық қорғау органдарының тапсырмасы;

3) тексеру нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының орындалуын бақылау;

4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың жолданымы мен мемлекеттік органдардың жолданымдары;

5) бақылау субъектілерінің ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының мемлекеттік бақылау жəне мониторинг нəтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуы;

6) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен хабарлар.

Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.

10. Тексерулерді ұйымдастыру жəне жүргізу тəртібі осы Занда айқындалады.

11. Тексерулер жүргізу кезінде тексерудің басталатын күнін көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын бақылау субъектісін тексерудің тағайындалғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етіледі.

12. Тексеру жүргізу мерзімдері мен нысанасы көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің күні мен нөмірі;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адам дардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;

5) бақылау субъектісінің атауы;

6) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;

7) тексеру жүргізу мерзімі;

8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

9) тексеру жүргізілетін кезең;

10) осы баптың 25 жəне 26-тармақтарында көзделген бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;

11) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;

12) актілерге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы жəне мемлекеттік органның мөрі.

13. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне олар:

1) жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде бес жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін;

2) жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі міндетті түрде тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді жəне бұл туралы бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

14. Тексерулер бақылау субъектісінің жұмыс регламентінде белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

15. Тексеру нəтижелері бойынша білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нəтижелері туралы қорытынды жасайды.

16. Тексеру нəтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:

1) қорытындының жасалған күні, уақыты жəне орны;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

5) бақылау субъектісінің атауы;

6) тексеру жүргізу күні, орны жəне кезеңі;

7) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;

8) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мəліметтер;

9) талаптарды орындау жəне бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;

10) бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

11) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.

17. Тексеру нəтижелері туралы қорытындыға тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.

18. Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нəтижелері туралы қорытындының бірінші данасы танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уəкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына тапсырылады, үшінші данасы білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде қалады.

19. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісінің басшысы оларды жазбаша түрде жазады.

Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нəтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

Тексеру нəтижелері туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне бақылау субъектісінің басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.

Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсін дірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

20. Бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.

Тексеру нəтижелері туралы қорытындыны орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ қорытынды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмайды.

Тексеру нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі осы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне анықталған бұзу шылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бақылау субъектісі (қажет болған кезде) бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.

Бұл жағдайда осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.

Бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне қорытындының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салу жібереді.

Тексеру нəтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.

21. Тексеру жүргізу кезінде осы баптың 2 жəне 3-тар мақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нəтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.

22. Тексеру нəтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

23. Осы бапта белгіленбеген тексерудің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

24. Тексеру жүргізу кезінде білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары:

1) осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің құзыретіне жатпаса, тексеруге;

2) егер құжаттар, ақпарат тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нəтижесінде алынған жəне коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге жəне (немесе) таратуға;

4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға;

5) бақылау субъектілері есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.

25. Бақылау субъектілері:

1) білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:

жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;

осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен;

тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;

тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен артық ұзартылған;

тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куəлігі (сəйкес тендіру картасы) болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;

2) егер мəліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

3) білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің тексеру нəтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;

4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.

26. Бақылау субъектілері:

1) білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сəйкес білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;

3) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасына сəйкес білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;

4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;

5) тексеру аяқталған күні оның нəтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі жасауға;

6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

27. Бақылау субъектілері білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің жəне олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.

 

60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беру жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.

2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына тексеру мақсатында қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;

2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.

3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;

3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде орындауға;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;

6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мүдделі тұлға білім беру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне және әрекеттердің жасалуына (шешімдердің қабылдануына) негіз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

 

 

9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету

 

61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері

1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.

2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:

1) тиімділік пен нәтижелілік;

2) басымдық;

3) айқындылық;

4) жауаптылық;

5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.

2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Білім беру жүйесін қаржыландыру көздері:

1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) стипендиялық бағдарламаларды бюджеттік қаржыландыру;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 200-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) инвестициялық кірістерінің қаражаты болып табылады.

 Республикалық және жергілікті бюждеттердің қаражаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көздері болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері болып табылады.