«Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1250 бұйрығы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10367 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржы мониторингі органдарының қарауында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі;»;
Аталған бұрықпен бекітілген Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру Ережесінде:
тақырып мынадай редакциясында жазылсын:
«Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі»:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2011жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 77-бабына және 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін белгілейді.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: