«Науырзым ауданы бойынша 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 205 шешімі

Науырзым ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 205 шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Науырзым ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Науырзым аудандық мәслихатының төрағасы

Г. Абенова

 

Науырзым аудандық мәслихаттының

2025 жылғы 30 сәуірдегі

№ 205 шешімімен

бекітілген

 

 

Науырзым ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

жоспар

 

1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жерсанаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Науырзым ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) (Науырзым ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 1-қосымша);

2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (Науырзым ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 2-қосымша);

3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген карта (Науырзым ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 3-қосымша);

4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қолжеткізу схемасы (Науырзым ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 4-қосымша);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.