«Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығы (2020.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығы

(2020.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________ Е. Досаев

2015 жылғы 2 шілде

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 19 маусымдағы

№ 4-1/546 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу

қағидалары

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.05. № 219 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.