«Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/43-VIII шешiмi (2024.08.04. берілген өзгерістермен)

Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/43-VIII шешiмi

(2024.08.04. берілген өзгерістермен)

 

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2023 жылғы 14 маусымдағы

№ 4/43-VIII шешіміне 1-қосымша

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер

 

1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29 болып тіркелген):

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешіммен бекітілген «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларында:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.