«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 Қаулысы (2025.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 Қаулысы

(2025.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп ұсынып отырсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейін мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп ұсынып отырсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырсын.

ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытындының жобасын ұсынып отырсын.

ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.