Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысы
(2019.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сот практикасын қорыту нәтижелерінің негізінде, Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының біркелкі практикасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде соттарда туындайтын мәселелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруді қаулы етеді.