«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № А-7/321 Қаулысы (2019.29.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № А-7/321 Қаулысы

(2019.29.08. берілген өзгерістермен)

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № а-4/189 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЫЛ ЕТЕДІ:

1. Қоса ұсынылып отырған «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № А-8/400 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4385 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 14 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.

4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін, бірақ «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығы күшіне енгеннен бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

С. Кулагин

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.