«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 715 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1213) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: