«Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 410 бұйрығы

 «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 410 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) отынның орташа тәуліктік шығысы – осы өңір үшін күзгі-қысқы кезеңде және жабдықтардың барынша жүктеу жағдайларында энергия өндіруші ұйым электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін тәулік ішінде тұтынатын отынның мөлшерлі шығысы;»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібі»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

 

B = Bжэ + Bээ, мұнда

 

B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;

Bжэ – күзгі-қысқы кезеңдегі жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;

Bээ – күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна.

Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

 

Bжэ = Bжэшарт / Э, мұнда

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.