«Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 168 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10355-10 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11-жолдармен толықтырылсын:
«
| 7 | Кардиология (ересектер, балалар) |
| 8 | Акушер ісі және гинекология (ересектер, балалар) |
| 9 | Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
| 10 | Педиатрия |
| 11 | Онкология (ересектер) |
».