«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86-VIІ Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен мемлекеттік тапсырысты не мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты іске асыратын өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын мүше мемлекеттердің ішкі бағасы бойынша шикізатпен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізеді.

 

2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 61-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

61-1-бап. Елішілік құндылықты дамыту

1. Ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеуге, бекітуге жəне іске асыруға міндетті.

2. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен, сондай-ақ табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын жүйе құраушы кəсіпорындар өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге əзірлейді жəне бекітеді.

Тиісті мемлекеттік органдардың елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын келісуден бас тартуына негіздер:

1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша төмендетілген нысаналы индикаторлар;

2) өнеркəсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерінің санын ескере отырып, өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу бойынша сай келмейтін индикаторлар;

3) шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болмауы.

3. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларында мынадай бағыттар көзделеді:

1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру;

2) өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу жəне орындау;

3) шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін дамыту;

4) өзге де бағыттар.

4. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының əрбір бағыты бойынша ірі тапсырыс берушілердің нақты іс-қимылдары, сондай-ақ осындай субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде айқындалатын жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары жəне нақты нысаналы көрсеткіштері бар өзге де іс-шаралар қамтылатын іс-шаралар жоспарлары көзделеді.

5. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеу мақсатында ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес олардың іске асырылуы туралы ақпарат береді.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеуді өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес жүзеге асырады.

6. Осы бапта белгіленген міндеттемелерді орындалған деп тану тəртібі елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын əзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру жəне мониторингтеу қағидаларына жəне олардың үлгілік нысанына сəйкес айқындалады.

Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын орындамау, мұндай орындамау ірі тапсырыс берушінің кінəсінан болмаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

 

2-параграф. Өнеркәсіп салаларын дамыту

 

62-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көлік құралдары және (немесе) олардың құрамдастары, ауыл шаруашылығы техникасы және (немесе) оның құрамдастары өндірісінің дамуын ынталандыру мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен үлгілік нысандарға сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады.

Өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімнің болуы осы Заңның 42-1-бабына сәйкес арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өндірушілерге инвестициялық преференциялар беру үшін негіз болып табылады. Өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер үшін осы Заңның 27-бабына сәйкес қарсы міндеттемелер көзделеді.

2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдердің бірін жасасу Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өндіру саласында өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектісі болып табылатынын растау болып табылады.

3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдерді жасасу үшін белгіленген шарттардың және келісімдерде айқындалған талаптардың сақталуын бақылау мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының келісімдерді жасасу шарттарына сәйкестігін және осындай келісімдер шеңберінде ол қабылдаған міндеттемелердің орындалуын тексеруді жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган анықталған бұзушылықтар хабарлама жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде жойылмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келісімді біржақты тәртіппен бұзады.

5. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан және көлік құралдарын өндірушілер немесе өндірушілердің уәкілетті өкілдері болып табылатын өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері өндірушінің бастамасы бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) кері қайтарып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) кері қайтарып алу деп техникалық жағынан күрделі тауарлар (бұйымдар) шығарылғаннан кейін олардың белгілі бір топтамасынан табылған кемшілікті немесе зауыттық ақауды жою үшін не техникалық жағынан күрделі тауарлардың (бұйымдардың) сипаттамаларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушінің немесе оның уәкілетті өкілінің бастамасы бойынша және есебінен жүргізілетін, сатып алушыларды құлақтандыруды және өзіне берілген техникалық жағынан күрделі тауарларды (бұйымдарды) жөндеуді қамтитын кері қайтарып алу науқаны түсініледі.

6. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдер Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының келісім талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісім бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) тиісті коды бойынша келісім жасалған күннен бастап берілген жеңілдіктерді өтеу бойынша осы заңды тұлғаның міндеттемелерін қамтиды.

Ескертпелер. Осы параграфтың мақсаттары үшін:

көлік құралы деп, ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым) түсініледі;

ауыл шаруашылығы техникасы деп жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым) түсініледі;

көлік құралына құрауыш деп көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жиынтықтаушы бұйым, материал, химиялық, лак-бояу өнімі және көлік құралын өндіру үшін қажетті өзге де жиынтықтауыштар түсініледі;

ауыл шаруашылығы техникасына құрауыш деп ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жиынтықтаушы бұйым, материал, химиялық, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру үшін қажетті өзге де жиынтықтауыштар түсініледі.

 

63-бап. Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

1. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтарын қоспағанда, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес СЭҚ ТН кодтары бойынша жасалады.

2. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес, жергіліктендіруді бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптарын орындағаннан кейін жасалады, олар технологиялық жабдықты пайдалануды және мынадай шарттардың орындалуын қамтиды:

1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты - жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты - жылына кемінде бір мың екі жүз болатын СЭҚ ТН тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты - кәсіпорында көлік құралдарының екі және одан көп маркасын өндіру кезінде көлік құралының әрбір өндірілетін маркасы бойынша кемінде бір модельді және көлік құралының бір ғана маркасын өндіру кезінде кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді шанақты (кабинаны) дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру;

2) өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында жеңіл автомобильдерге қатысты - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш миллион бес жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.

3. Дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелерін орындау кезінде осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде, жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімнен басқа, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісім жасасуға жол беріледі.

Жасалатын келісімдерге осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес жергіліктендіруді бағалаудың балдық жүйесінің талаптары қолданылады.

4. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімді орындауы мұндай заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақмерзімді шарттар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүмкіндік береді.

 

64-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

1. Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН кодтары бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 22) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:

1) дайындамалар пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;

2) өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.

2. Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН кодтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 22) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:

1) ауыл шаруашылығы техникасының конструкциясында болған кезінде дайындамалар пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;

2) өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.

 

65-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің шеңберінде ынталандыру шараларын ұсыну

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілерге Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған жағдайда ғана осы Заңның 42-1-бабына сәйкес арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар беруге, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес шығарылған әрбір бірлік бойынша көлік құралдарына және (немесе) олардың құрамдастарына, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның құрамдастарына қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыруға, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар жасасуға, өндірісті дамытуды ынталандыруға бағытталған басқа да шараларды алуға жол беріледі.

2. Осы Заңның 63-бабына сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін қолдау шараларының көлемі осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес жергіліктендіруді бағалаудың балдық жүйесі негізінде айқындалады.

 

66-бап. Көміртегі ізін төмендету жөніндегі шаралар

Көміртегі ізі төмен, оның ішінде сутегімен жұмыс істейтін тауарларды танымал ету арқылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдар көміртегі ізін төмендету жөнінде шаралар қолданады, олар мынадай бағыттарды қамтуы мүмкін: осындай тауарлардың өндірісін кеңейту, тауарларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды ынталандыру, оларды пайдалану тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар.

 

 

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

67-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

68-бап. Өтпелі ережелер

2023 жылғы 29 маусымға дейін:

1) осы Заңның 29-бабы 7) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«7) жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;»;

2) осы Заңның 36-бабының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«36-бап. Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру

Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін бөлу;

2) өндірістік қызметпен (технологиялық циклмен) байланысты, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру.».

Осы Заңның 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 жəне 51-7-баптары қолданысқа енгізілгенге дейін берілген «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды деп белгіленсін.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттарды беру 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады деп белгіленсін. Осындай «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

 

69-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 9-баптың 39) тармақшасын;

2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 18-бапты;

2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 51-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 27 желтоқсан

                № 86-VIІ ҚРЗ