Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 509 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 988 бұйрығымен күші жойылды
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 17-бабының 11) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Шетелдің қатысуымен құрылған ұйымдар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;