«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 157 «Шығыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 26 Қаулысы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 157 «Шығыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 26 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 157 «Шығыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8726 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2023 жылғы 7 ақпандағы

№ 26 қаулысына

Қосымша

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2021 жылғы «28» сәуірдегі

№157 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.