«Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығы

 «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылаудың бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің (бұдан әрі - ӘПК), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі - (К)ПД, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдарының (бұдан әрі - (К)ҚАПО) АҚҚАБ бөліністері құрайды.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде АҚҚАБ қызметкерлері ІІМ-нің және басқа да мемлекеттік органдардың мынадай цифрлық жүйелерін пайдаланады:

Қазақстан Республикасы ІІМ біріктірілген деректер банкі (бұдан әрі - ІІМ БДБ);

Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ қашықтықтан қол жеткізу кіші жүйесі (Web-интерфейс);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.