(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕНШІК ИЕСІНІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОПЕРАТОРДЫҢ, СОНДАЙ-АҚ...

Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығы

(2025.08.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024.19.09. № 566/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 373) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.