Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетінқызметтер регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 43 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері:
1) «Дәрігерді үйге шақыру» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;
4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес;
9) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы беру» осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес;