Фискалдық деректер операторларының тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 572 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін фискалдық деректер операторларының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 469 «Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін фискалдық деректер операторларын айқындау туралы» бұйрығын күші жойылсын.