«Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 447 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Отбасы банк» Акционерлік қоғамының қызметтері осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтері құнының есебіне сәйкес, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) «Отбасы банкі» акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметттерді беруші) арқылы тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органмен жасалған қызметтер көрсету шарты негізінде төленеді.»;