«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 345 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бейбітшілік және келісім музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150, «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мұражай қорығы «Хан Ордалы - Сарайшық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 162 қаулыларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: