«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 Қаулысы (күші жойылды)

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 4 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 257 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.

3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2021 жылғы 12 қаңтардағы

№ 4 қаулысына

1-қосымша

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.