2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтің бюджеттері туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 39-3 шешімі
(2020.30.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020.15.04. № 43-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.27.04. № 43-6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.28.05. № 45-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.30.07. № 48-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2020-2022 жылдарға арналған Орал қаласының Зачаган кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 373 412 мың теңге:
салықтық түсімдер - 120 500 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 789 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімі - 251 123 мың теңге;
2) шығындар - 520 850 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -147 438 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 147 438 мың теңге:
қарыздар түсімі - 126 490 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 20 948 мың теңге.
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020.15.04. № 43-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.30.07. № 48-2 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда