Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 295 бұйрығы
(2022.19.05. берілген өзгерістермен)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласындағыәлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Б. Нұрымбетов |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 10 тамыздағы
№ 295 бұйрығымен
бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін
лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мінез-құлықтың кәсіптік әдебі жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер