(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2020 – 2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...

«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 Қаулысы

(2020.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2020.29.01. № 21 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2020 жылға мынадай:

1) кірістер - 11 206 484 096 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер бойынша - 7 960 584 715 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 121 320 478 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4 497 700 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 3 120 081 203 мың теңге;

2) шығындар - 12 472 425 180 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 196 473 831 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 306 167 753 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 109 693 922 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 135 898 818 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 135 898 818 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -1 598 313 733 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 2,1 пайыз;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -5 317 690 333 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,1 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 598 313 733 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.