«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 276 бұйрығы

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 276 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14012 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде. жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру, өзгерту және өтеу қағидаларында:

14-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;

19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларда, қондырғы операторы уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан кешіктірмей, мынадай құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш;

2) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

3) валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

4) Ұлттық жоспарды әзірлеу жылының басынан және оның қолданысқа енгізілу кезеңінен бастап көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көз енгізілген жағдайда);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.