(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (ДУШАНБЕ Қ. ...

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық
 бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы
келісім
(Душанбе қ. 2003 жылғы 28 сәуір)

 

Осы редакция 2006 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 22 сәуірдегі № 27-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер,

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) Жарғысының, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың ережелерін және оны дамытуға қабылданған басқа да құжаттарды басшылыққа ала отырып,

Тараптар темір жолдарының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуіне және экономиканың мұқтажы үшін жүктерді тасып жеткізуді жүзеге асыруға, әскери және гуманитарлық тасымалдауларды қамтамасыз етуге, болжалған қарсыластың темір жолға және темір жол көлігінің объектілеріне ықпалының тиімділігін төмендетуге, бейбіт және соғыс уақытында поездардың тоқтап қалған қозғалысын қысқа мерзімде қалпына келтіруге жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі одан арғы іс жүзіндегі шараларды қабылдау қажеттілігін негізге ала сүйене отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Тараптар Ұйымға мүше мемлекеттердің темір жолдары торабындағы негізгі (басым) темір жолдардың бағыттарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құрады және техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құруға және темір жолдардың қалпына келтіруге қатысты Тараптардың тең жауапкершілігі мен тең мүмкіндіктері жағдайын жасау мақсатында Тараптардың ұлттық заңнамаларын жақындастыру процесін жеделдету ниетін растайды.

 

2-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдер мынаны білдіреді:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.