Сәйкестік туралы декларация нысанын бекіту, ресімдеу және тіркеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 224-НҚ бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларация нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу және тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.