(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘ...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына, 7-бабының 1 және 6-тармақтарына, 29-бабының 3, 7 және 8-тармақтарына, 34-бабының 10-тармағына, 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызметтегі кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрлар қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған мамандықтар тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттардың және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және жұмыс жасау қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қызметкерлердің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесі;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.