«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 9 наурыздағы № 9-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 252 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен нормативтік қаулымен және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерде:
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді пайдалану кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ден қою шаралары – тәуекелдердің алдын алуға, оларды барынша азайтуға және жоюға бағытталған мемлекеттік аудит органдары қабылдайтын іс-шаралар кешені;