«Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығы

«Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21810 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 152-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану тәртібін айқындайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚК) 91-бабы 1-тармағының 3), 5) тармақшаларына сәйкес кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелері) жазасын өтеп жатқан 18 жастан асқан адамдарға қатысты химиялық кастрациялау түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы күшіне енген сот шешімінің негізінде қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.